Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.06.2023
82
Аппақ нұры аймалап көлдің бетін...
Аппақ нұры аймалап көлдің бетін,
Көтеріліп келеді, көрдің бе, Күн.
Тіршіліктің үні боп шырылдайды
Бозторғай да атқарып өз міндетін.
Мейірімді Күн жылуын таратады,
Емін-еркін керілер дала тағы.
Ұйқысынан оянып,
Қол соғады –
Жапырақтар – тіршілік алақаны!
Бар маңай өзгеше бір түрге енеді,
Аялайды алқызыл гүл де мені.
Аймаласа түнімен тереземді Ай,
Еміреніп таң ата Күн келеді.
Сергітіп ап сезімді таң самалы,
Жапырақтар қосылып ән салады.
Сәл мұңайсам, барлығы мені іздейді,
Алыс кетсем қуанып қарсы алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter