Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.06.2023
52
Сегіз өрімдер
***
Сарқылмас кеудем менің ойдың кені,
Жүрегім, сен тыншытпай қойдың мені.
Өрекпіп өрге тартып тұрғаның кіл,
Баладай алып ұшқан той күндері.
Тоқтауға бола ма екен тірі жанға,
Дүрсілде, алға сүйре, тыным алма!
Сендей ести алмайды құлағы бар,
Сендей сөйлей алмайды тілі бар да!
***
Сәл нәрсеге қуансам бәрі бардай,
Қуанамын жүрегім жарылардай.
Сәл нәрсеге ренжіп, жүнжіп кетем,
Қан тамырым тулайды дамыл алмай.
Байғұс жүрек шыдайды, енді қайтсін,
Түсінген жан тұрлаулы елдік айтсын.
Елдік айтсын сезімтал жүрегі бар,
Сені қайтсін тас жүрек,
Мені қайтсін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter