Өлеңдер ✍️

  25.06.2023
  80


Автор: Серікбай Оспанов

Теңіздегі ұқсап әлсіз кемеге...

Теңіздегі ұқсап әлсіз кемеге,


Шайқалса да шаңырақ пен кереге,


Біреу мұңын біреу сезе қоя ма,


Өз басына түспей тұрып сене ме?!


 


Бабамыздың қылышы мен кездігі –


Түсіп кетті бүгін мүлде сөз құны!


Сенің мұңың кімге керек,


Басынан


Асып жатса өз тірлігі, өз мұңы!


 


Ойыңды айтпай ойдағыңды ел біле ме,


Мұңың болса, еш пендеге тілеме!


Өзің ісің өкпелетсе өзіңді,


Өзге сені көзіне де іле ме?!


 


Мойын бұра алмай адам адамға,


Жатқан мынау заманақыр заманда,


Кері кетпей көтеру бір еңсеңді


Серікбай-ау, керек енді саған да!


 


Абайсызым, аңғардың ба сен мұны,


Сенің мұңың болу керек ел мұңы!


Дүниенің өлшемі емес, түсінсең,


Өз үйіңнің тарлығы мен кеңдігі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу