Өлеңдер ✍️

  25.06.2023
  110


Автор: Серікбай Оспанов

Ана тілі

Заңғар, таза Арымның


Ақ қанаты өзіңсің.


Тебіренген жанымның


Махаббаты өзіңсің.


Танытатын сен елге!


 


Тау болсам мен, шыңымсың.


Ақын болсам егер де


Ең бір мөлдір жырымсың!


Жаным Ана тілімсің!


 


Жібек болсам, тінімсің,


Бұта болсам, гүлімсің.


Әнші болсам, үнімсің.


Ғалым болсам, білімсің.


Шынар болсам, діңімсің.


Намысымсың,


Ділімсің!


Тағзым етем


Бүгілмес


Тізем саған бүгілсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу