Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.06.2023
91
Өлең – құсым
Шақырады ақ шаңқан өнер шыңы,
Жеткізбейді ол жай бір өлеңшіні.
Бейбіт өмір жырыма арқау болса,
Өлеңдерім – елімнің көгершіні!
Өлең – құсым мөп-мөлдір қонды айдынға,
Қалықтамас тосқауыл болмай мұңға.
Шарықтамас шабыт ап шамырқанбай,
Өзіне тән үні бар торғайдың да!
Ақын санап менен сыр, жыр күткендер,
Биікке ұшса өлеңім – бүркіт деңдер.
Сұлу болса – аққудың көгілдірі ол,
Қондырыңдар айдынға, үркітпеңдер!
Қондырыңдар, жоқ өзге тілек менде,
Самғағанға жанашыр – тірек кем бе?
Ұшырамын кеудемнен өлең – құсты,
Ұяласын шыңдарға, жүректерге!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter