Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.06.2023
108
Сұлулықтарға жас жанды...
Сұлулықтарға жас жанды
Жатамын бөлеп,
Тоя алмай.
...Алтын шегемен аспанды
Шегелеп, әне, қойғандай.
Тұратын біздің төбеде
Аспандап алтын орақ та...
Көз жас па,
Аққан немене,
Айналып аппақ жолаққа?!
Биікке керіп қойған кім,
Қара барқытты жыртып ап?
Көздеріндей боп қойлардың
Тесіктері тұр жылтырап.
Кім қақты шеге ерінбей,
Жетті екен қандай баспалдақ?
Мендегі биік көңілдей
Барады қиял аспандап.
Бозарып атты ақ таңым,
Етегін түрді қара түн.
Қатайтқан сол бір шақтарым
Арманның талмас қанатын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter