Өлеңдер ✍️

  14.06.2023
  108


Автор: Серікбай Оспанов

Домбыра

Сезімнен құралдың,


Тұнған наз – үнің.


Даңқын шығардың


Құрманғазының.


 


Сен сыр ашқанда,


Жау беттемейді.


Көтердің аспанға


Дәулеткерейді.


 


Өмірді  көп көрдің,


Елімнің сүйгені –


Тәттімбеттердің


Тәтті күйлері!


 


Талмадың шабыстан,


Табынттың талайды.


Мыңменен алысқан,


Ойланттың Абайды.


 


Елімнің өр үні,


Талайды таң қылдың.


Түркештің көңілі,


Серігі Жамбылдың!


 


Тұрасың төрімде,


Өнердің тауысың.


Жеткіздің бүгінге


Дайрабай дауысын.


 


Домбырам – мол мұрам,


Жиғаны халықтың.


Күй болдың,


Болдың ән,


Динаны таныттың.


 


Сен бізді таныттың,


Біз сені таныттық.


Сүйгені халықтың,


Домбыра жарықтық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу