Өлеңдер ✍️

  14.06.2023
  72


Автор: Серікбай Оспанов

Кеңшілікке

Тілек бір: жолымыздың ұзақтығы,


Әуелде үшеу едік біз аттылы.


Жоқ бүгін бір аттылы...


Зулап аққан


Бірақ та тұлпарының құлақта үні!


 


Жалғасып келе жатыр жолы да алға,


Санаймыз соңымызда оны барға!


Қараймыз сондадағы артымызға,


Ол әлде алдымыздан жолығар ма?!


 


Жоқ екен тізімінде өлгендердің –


Мен оны төрден көрдім,


Өрден көрдім;


Біздердең әлдеқайда кетіпті ұзап,


Өлмейтін жолы болып өлеңдердің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу