Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.06.2023
212
Аналардың күнімен
Ана біздің жанымыз,
Жүрегімен үн қатар.
Шуақты атар таңымыз,
Өлеңдетіп, жырлатар.
Аналармен құлпырар,
Гүлдей жайнап бағымыз.
Аналардың күнімен,
Құттықтайық тағы біз.
Аналарды құрметтеп,
Қуанышқа бөлейік.
Әуелетіп ән салып,
Әуенімен тербейік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇