Түңілу
Адамдар әлеуметтік желіде басқалардың жетістіктерін көріп, өмірден түңіліп, шарасыздық сезінеді. Маған мұндайда не істеу керек деген сұрақтар көп келеді. Талдап көрейік.
Ең алдымен түңілу дегеннің не екенін түсініп алу керек. Бірнәрседен көңілі қалу, түңілу үшін, алдымен оған деген бір көңіл болуы керек. Яғни сіз басқа біреудің жетістігіне таңданасыз, оны қайталағыңыз келеді, содан кейін істеп көресіз, олай жасау қолыңыздан келмеуі мүмкін, сосын сіздің көңіліңіз қалады.
Бұл жерде мәселе неде, дәлірек айтсақ мәселелер?
Мәселе мынада жатыр:
1. Жетістіктің соңынан қуудың қажеті жоқ.
Бақытқа ұмтылу керек. Мен көптеген табысты, бірақ бақытсыз адамдарды көрдім, бірақ өзін жолы болмаған адаммын деп есептейтін бақытты адамды бірде-бір рет көрмедім. Әсіресе басқа біреудің жетістігін қуудың қажеті жоқ.
Басқа біреудің табысы мен бақыты қолжетпейтін нәрсе.
Өзіңізді бақытты ететін, өміріңізге мән беретін нәрселерді анықтаңыз және бұл нәрселердің өміріңізде көбірек болуы үшін бәрін жасаңыз.
2. Жетістікке жылдам жетем деп ешқашан үміттенбеңіз.
Жетістік -- бұл әрдайым табандылық пен көптеген сәтсіз талпыныстардың нәтижесі. Жетістіктің артында үнемі төгілген жас, қан мен тер, қайта-қайта құлау жатыр.
3. Әлеуметтік желілерден түңіліп кетпеу үшін:
- Лентаңызды толығымен тазартыңыз. Барлық оқитын аккаунттарыңызды өшіріңіз.
- Содан соң сізді дамытатын адамдар мен ресурстардың тізімін жасаңыз.
- Соларға жазылыңыз. Сізге 10-нан артық аккаунтқа жазылуға болмайды деп елестетіңіз.
Сондықтан да жазылатын аккаунттарды мұқият таңдаңыз.
"Адам өзі жейтін нәрселерден тұрады" деген медицинада қолданылатын сөз бар. Мен оны сәл басқаша өзгертер едім: адамның денесі жейтін заттарынан құралады, ал ақылы мен жаны ол көретін және еститін нәрселерден тұрады.
Сондықтан да көзіңіз бен құлағыңызды құр мақтаннан, мәнсіз нәрселерден, өмірді босқа өткізіп алудан сақтаңыз. Өміріңізге білуге құштарлық пен таным енгізіңіз. Әлеуметтік желіден ағылып жатқан лас даңғойлықты таным көкжиегіне өзгерткен бойда, әлеуметтік желі сізді өсіретін ортаға айналады.
Бақытты болыңыздар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter