07.06.2023
  419


Автор: Артюр Рембо

АРАМ ҚАН

Өзімнің галл ата-бабаларымнан маған ашық көк көздер, шектеулі сана, төбелестегі оралымсыздық дарыды. Киімдерім де солардікіндей жабайы. Шаштарымды майламаймын, бірақ мен.


Галлдар жан-жануардың терісін сыпырып, шөптерді өртеді, алайда оның барлығын сол кездің тұрғындарынан істеген жоқ асырып.


Олардан маған: пұттарға табыну мен киеліні қорлаушылыққа махаббат –  о,      барлық          қасиеттер    сиықсыз,    меңіреу    ашу,    тәттіқұмарлық,    – тәттіқұмарлық, керемет қой ол! – жалқаулық пен аярлық дарыған.


Барлық түрі өнердің – көздеріме көрінеді жексұрын. Жеркенішті – қожалар мен жұмысшылар, шаруалар. Қалам ұстаған саусақтар – артық емес соқадан. Қандай ғана дәуірі еді қолдардың! Қолдарымды шынықтырман ешқашан. Ал содан соң қолды үйретсең – әкетуі мүмкін алысқа. Кедейлердің кісілігі келтіреді жынымды. Қылмыскерлер әтек сынды көрінеді сұмырай: мен үшін де ұмтылу тән – мақсатқа, бірақ оның түк қажеті жоқ маған.


Дегенменен, осыған дейінгі жалқаулығымды ақтап алатын ғып, кім жаратты Тілімді менің арам қылып соншама? Өмір үшін тәнімді де қинамай, барлық жерде мәз-мейрам боп сүрдім өмір, сияқтанып құрбақа. Ебіропада мен білмейтін отбасы жоқ бір де бір. – Кез-келгенін өз жанұямдай танимын: барлығы оның Адам Құқы декларациясына қарыздар. – Маған мәлім әр үлгілі отбасының баласы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу