07.06.2023
  126


Автор: Артюр Рембо

ТАРИХИ КЕШ

Бейкүнә бір кеште, экономикалық сұмпайылығымызды ұқпайтын аңқау туристің алдында, маэстро қолы сыңсытты сазгенінің үнін даланың; карта ойнап отыр біреулер шұңқырында тоғанның; күн батқан шақта, тақуа қатындар мен қасиетті әкейлер жамылғылары; үндестіктің сәбилері мен аңыздардың шашырандылары пайда болады бұл жерде.


Ол аңшылықтың қиқуынан, жабайы орда қаңқылынан тітіркеніп қорқады. Әжуаның жаңбыры шөп төсеніштерге тамшылап. Аясында осынау мәнсіз көріністердің – сүреді өмір кедейлер мен әлжуаздар ауыртпалықтарын арқалап.


Оның жанар аясында жаншылған Германия айға дейін ұлғайды; татарлардың даласы арайланды жарықпен; ежелгі төңкерістер де Аспан империясының тұңғұйығына бағынған; баспалдақтар мен тау теппелеріндегі бозамық кең әлемде, Батыс пен Африка өз өрлеуін бастайды. Содан кейін, теңіздер мен тылсым түндер балеті, құнсыз химия, ғажайып күйлер әуені бастайды құрып салтанат.


Әлі де тап сол буржуазияның арбауы, түссеңіз де Сіз қайдан, поштаның арбасында боламыз! Ең әлжуаз деген емшінің өзі бұл жеке атмосфераға, физикалық өкініштердің тұманына түсу мүмкін еместігін сезеді. Қайғы ұрады, оларды ауызға алғанның өзінде.


Жоқ! Буланудың, теңіздер тартылуының, жер астындағы өрттердің, ығып кеткен планеталардың, сатылап жойылудың дәуірі, Норн мен Інжіл еш қиындықсыз анықтады оның дәлдігін, – ендігі дәуір естияр жандардың бақылауында болады. Алайда бұған еш қатысы жоқ аңыздың.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу