Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.06.2023
69
Жақындап қара бұлтты аспан қырға...
Жақындап қара бұлтты аспан қырға,
Құйды кеп қара нөсер басталды да.
Күлімдеп қайта шықты күннің көзі,
Дүрілдеп басылды жел қас қағымда.
–Нұр ғой бұл, жауын жауса, жердің нәрі,
Өткінші, өткінші ғой, – деді бәрі.
«Өткінші» деген сөзі, өкіндіріп,
Кетпей тұр көңілімнен менің әлі.
Сұр бойдақ қамықты өткен шағын ойлап,
Төл біткен төбеде жүр салып ойнақ.
Жігіттер сұлу үйін төңіректеп,
Қыз шықты жанарында жалын ойнап.
Желкілдеп жердің жасыл жаны, мәні,
Басталды тіршіліктің тағы да әні.
Балалар алақайлап асыр салды,
Өткінші, өткінші ғой – бәрі-бәрі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter