Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2023
1590
Біздің ауыл - құмды ауыл...
Біздің ауыл - құмды ауыл,
Толар күнде жол құмға.
Соғып өтсе бір дауыл,
Ұқсар ақ жал толқынға.
Қырларды жел үйіріп,
Алып келер ауылға.
Жал-жал құмдар үйіліп,
Ұқсар жүрек, бауырға.
Қырларға қыр мінгесіп,
Қырларды қыр жетелеп,
Жүрер мұнда құм көшіп,
Бір- біріне еркелеп.
Жоқ боп адам іздері,
Құмға батар тілерсек.
Бір қыр әне,- қыз белі,
Бір қыр әне,- қыз емшек.
Оң жағында- боталар,
Сол жағында- түйелер-
Жұмыр, жұмыр жоталар
Тауға барып сүйенер.
Ұқсас сары қауынға
Тауды таулар жалғайды.
Қайтқаныңша ауылға
Жел соқса ізің қалмайды.
Көшіп- қонған қырлары –
Сап- сары құм,
Қызыл құм.
Қорқытады құмдағы
Қалмайтыны ізіңнің...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter