Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.05.2023
89
Түйіліпті күн қабағы...
Түйіліпті күн қабағы,
Бар-ау айтпақ бір хабары.
Жауды кенет жеделхаттар,
Аппақ-аппақ үнпарағы.
«Қыс келеді» - бұл хабары.
Өзгеріп тау орамалы,
Енді дала қымтанады,
Аппақ көрпе оранады.
Қыс хабары тез келді де,
Көктем,
Жаз,
Күз түске айналды.
Жер бедері өзгерді де,
Ала қанат құсқа айналды.
Жауған күні алғаш қардың,
Қалған тынып, ұйып бәрі,
Бұталардың,
Ағаштардың
Аппақ мамық иықтары.
Қол бұлғайды балаларға
Мына қиыр,
Ана қиыр,
Бақташы қарт ала қарда
Барады айдап ала сиыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter