Өлеңдер ✍️

  31.05.2023
  96


Автор: Серікбай Оспанов

Түнгі жарық

Жұлдыздар қара бұлтпен


Қапталып, тұрды жабық.


Жолаушы бала күткен


Әлі жоқ түнгі жарық.


 


Батқалы күн қызарып,


Бозбала сыр күтеді.


Жылт еткен түнгі жарық-


Алдағы үміті еді...


 


Қараңғы.


Тың тыңдайды,


Аспанның түндігінде


Сансыз от жылтылдайды


Беймәлім сыры мүлде.


 


Қарайды, бір тынбайды,


Тулайды толқыны ішкі.


Моладан жылтылдайды


Бір жарық қорқынышты.


 


Жүр , әне, жан-жағында,


Неге аңдиды от моланы?!


Жақындап қалғаныңда


Өшеді, жоқ болады?!


 


Жолы да ауыр құмның,


Сан қырдан біз құладық,


Жарығы ауылымның-


Мен күткен түнгі жарық...


 


Өзгерді далам енді,


Күндіздей түнгі жарық.


Аралап бар әлемді,


Жұлдыздай зымырадық.


 


Орнады қырға алыптар,


Бұл күнде-


Ұлы күнде!


Самсаған тұр жарықтар,


Көбейді үмітім де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу