31.05.2023
  285


Автор: Мөлдір Тоқжанова

Керемет ойын! Сақтап алыңыз ?


Бүгін сіздерге баланың сенімділігін арттыратын ойын ұсынбақшымын.

✔️3 жастан бастап ойнауға болады. Ыңғайлысы жолда, машинада, серуенде тіпті магазинге шыққанда ойнасаңыз болады.

Әрдайым тек әкем мен анамдікі дұрыс, себебі мен кішкентаймын, білмеймін, деп ойлаған бала өзі шешім қабылдауға қиналатын болады.

Ал баланың өз ойы қалыптаспағанда басқаның барлығы дұрыс айтып жатыр деп ойлайды. Әркімге сенгіш болады ренжиді, күтеді.

?Ал бұл ойын:
басқамен келісер алдында ойлануды үйретеді.

Өзін жақсырақ тануды үйретеді ✅
Сонымен үлкен кісі:

- Сенің көйлегің көк, шашың қара дейді.

Ал бала өзіне қарап дұрысын айтады:

- Ия, менің көйлегім көк, ал шашым сары
немесе жоқ менің көйлегім жасыл, ал шашым қара.

?Алдымен жеңілінен бастаңыз.
Бала ойынды түсініп қызыққаннан кейін жайлап мінезіне өзінің ерекшеліктеріне өтсеңіз болады.

- Сен арықтан аттай алмайсың
- Жоқ мен арықтан аттай аламын!
- Сен велосипед айдай алмайсың
- Ия, мен әзір велосипед айдай алмаймын.

➡️Нәтижесінде бала өзі жайлы айтылғанды ойланып қорытынды жасап кейде келіспеуді үйренеді.
➡️Ол өзі жайлы ақпаратты өзінің жақсы білетінін сезінеді.
➡️Өзінің мықты және осал тұстарын саралап басқаға қарсылық білдіруді үйренеді.

Қалай ойын? Ұнады ма сізге? ?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу