Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2023
205
Ғашықтар күні
- Таудай үміттім,
Тарыдай үгіттің.
Жүрегім-уысында
Үміт пен күдіктің.
Таңым тарылып,
Тұман жарығым.
Жасыммен бүркедім
Үнсіздік қалыбын.
Бозарып бұлт өңі,
Күлкімді іркеді.
Жүректің ішінде
Жасаулы жұрты едім.
Жанарым жұмылмай,
Түнімде ой бақтым.
Үрдің қызындай
Ашылмас жұмбақпын.
Гүлдей реңім,
Көзбен күлемін.
Айғызы қайғының
Ақ қағаз-жүрегім.
Азабы , соры не?
Бәрінен жеріне.
Сырымды желге айттым
Жел мұңды біле ме?!
Жалғыз ой. Жалғыздың,
Сыңары сол шығар.
Бойымда қан қызды
Көмілдім! Аршып ал!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter