Өлеңдер ✍️

  28.05.2023
  153


Автор: Серікбай Оспанов

Гүл

Етіктер мен танктің


Ізіне ол өсіпті.


Жағасына арықтың


Тізіле ол өсіпті.


 


Ерлеріміз қорғаған


Әрбір жерге өсіпті.


Сыр шерткендей ол маған,


Қабірлерге өсіпті.


 


Жауынгердің құм толған


Каскасына өсіпті.


Болған ерге кіл қорған


Тас қасына өсіпті.


 


Көкірегіме ол мына


Салып кетіп жүр мың ой.


Мен де әкемнің орнына


Өсіп шыққан гүлмін ғой!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу