Өлеңдер ✍️

  28.05.2023
  156


Автор: Серікбай Оспанов

Өр Алтай

Құсыңды бер, ұшқышым, Шығысыма!


Сәлем берем Алтайда туысыма.


Шығысыма, тарт менің ырысыма!


Сірә да, Клондайк, Аляскалар


Толар ма екен Алтайдың уысына?!


 


Алты Алаштың арманы,


ардағы, Алтай,


Бағы бүгін аспандап, жанған Алтай.


Шынарлары Шығыстың – Зайсан, Күршім,


Ұлан, Самар, Марқакөл, Тарбағатай...


 


Большенарым, Маралды...-бәрі-бәрі...


Бір көрген жан көз жазса сағынады.


Өр Алтайым, қойнауың қазыналы,


Не іздесем де өзіңнен табылады!


 


Өзің жақтан, өр Алтай, күн шығады,


Шуағынан мұң, ызғар тұншығады.


Бар тіршілік оянып, қуат алып,


Алғы күнге асығып, құлшынады!


 


Қамқор мекен жаралған жанға анадай,


Кең төсіңе сурет салған арай.


Сенде ғана ақ иық мекендеген,


Сенде ғана өседі бал қарағай!


 


Жасыл орман,


Жасыл көл,


Жасыл дала,


Жап-жасыл ну өскен тау басына да.


Жағалауда су шайған мүкті-түкті


Тіршілік бар құмында, тасында да!


 


Жасыл желек жамылып алған қала,


Жетелейді шыңдарға, армандарға!


Күн көзінен нәр жұтып, шағылысып,


Жасыл сәле ойнайды жанарларда.


 


Сіңіріпті бойыңа бәрін ғасыр,


Тауың да сыр,


Шертеді талың да сыр.


Шабыт мініп,


Күш алдым құшағыңнан,


Мәңгі көктемге орандым,


Жаным – жасыл.


 


Енді қалай қартаяр, жаным жасыр,


Қиял кетті шындарда салып асыр.


Өр Алтайым, ақтарып құтыңды елге,


Қазақ деген халықтың бағын асыр!


 


М.Мақатаев.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу