Өлеңдер ✍️

  28.05.2023
  111


Автор: Бақберген Рахым

Қилы жолға салдың-ау өмірімді

Қилы жолға салдың-ау өмірімді,
Сенсіз өткен күнімнің көбі мұңлы.
Жас жүрегім алаулап ғашықпын мен
Ал сен суытқың келеді көңілімді.

Ойламайтын шығарсың мына мені,
Арнасам да қаншама жыр әдемі.
Мен – ғашықпын, жаным-ау, ал сен болсаң
Түсінгің де келмейді-ау сірә мені.

Сен дегенде жат етіп жақынымды,
Сен дегенде сарп етіп ақылымды.
Мен сені жарық нұрға балап келем,
Ал сен кімге балайсың ақыныңды?

Қамшыдай қысқа ғана өмірімде,
Жаным, сенің бөлек қой жөнің мүлде.
Саған қарай бір қадам жақындасам,
Сен алыстап барасың көңілімде.

Білмеймін тірімін бе, өлімін бе?
Бұл дерттің уы қайда, емі кімде?
Өмірдің әр сәтінде сені ойласам,
Көзге ілмейсің ал сен қыз мені мүлде.

Алтынға, бриллиантқа балап сені,
Жүрген мына өмірде мен-ақ па едім?!
Сенен өзге бар адам түсінеді,
Түсінбей-ақ қойдың-ау сен-ақ мені...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу