Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
26.05.2023
308
Август Салеми. «Заманауи медицина».
Көзді шағылыстырған фар шамы, естен тандырған сай-сүйектің сықыры, сүйектен өткен сызат, шегіне жеткен жан қинау, азап, содан кейінгі жып-жылы, тән еліткен таза көк сәуле. Джон өзін мұншама бақытты, жап-жас, еркін сезініп көрген емес. Сәулелі шұғылаға жақындай түсті.
Дерт пен қараңғылық ертелі-кеш қайта оралды. Джон жаймен болса да, үлкен күшпен ісініп кеткен көзін ашты. Бинттер, түсініп болмас трубкалар, гипстер. Екі аяқ бұрын-соңды жоқ болғандай. Жыламсыраған жары.
- Сен аман қалдың, қымбаттым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter