Өлеңдер ✍️

  26.05.2023
  72


Автор: Серікбай Оспанов

Қалың тоғай көз тартады көркімен

Қалың тоғай көз тартады көркімен,


Тіл қатты ол да, қайыңға сыр шертіп ем:


-Сырық жаса,


Құрық жаса!


Кейде мен


Балта сабы болғаныма өкінем.


 


Бұл басымнан талай-талай өтті азап,


Өсіп- өніп тұрғанымнан жоқ ғажап!


Егер шіри бастағанымды аңғарсаң,


Лапылдайын,


Жарқылдайын,


Отқа жақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу