Өлеңдер ✍️
Наурыз тойы
Көктем нұрын шашалы,
Бұлақ көзін ашқалы.
Бүршiк жара бастады
Оңтүстікте тipшілік.
Құстар билеп аспанды.
Нұрға бөлеп жас жанды.
Сырнайлатып басталды
Оңтүстікте Наурыз той!
Суға толы сай-алап,
Құлпырады сая-бақ.
Табиғат тұр дүниені
Алақанда аялап.
Ауыздықпен алысқан,
Сәйгүліктер жарысқан.
Көк қуалап қозы-лақ,
Kөлден үйрек, қаз ұшқан.
Ақбоз үйлер алдында
Алтыбақан жарасқан.
Айлы түнде салған ән
Алты қырдан әрi асқан.
Ел басқарған мырзалар
Көкпар салым салдырған.
Ат шаптырып алыстан
Ақын-жырау алдырған.
Ортақ жасқа, кәріге,
Көкке жайған дастарқан.
Жeтiп жатыр бәрiне
Наурыз көже – ас дарқан.
Бұрын, бәлкiм, суыссаң.
Ұмыт болсын, құрысын.
Ағайын, дос, туысқан
Ынтымақта – ырысың!
Жүректегi жыр-лағыл,
Сүйгенiме ұсынам.
Төрде отырған қыздардың,
Өлең айтсақ тұсынан.
Жастар даусы шырқаған.
Дiрiлдетiп аспанды
Күлiм қағып Күн-Қаған
Наурыз-мейрам басталды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter