Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2023
143
Ақындар
Ақындар, аңқау емес ақылдылар.
Алыстан сезінеді, жақынды ұғар.
Жүрегі қылдан нəзік, оттан ыстық,
Сол үшін жазықты боп жатыр бұлар.
Ақындар, ешкім оны ұға алмайды,
«Менмін» деп ешқашан төр сұрамайды.
Ақынның жүрегіндей шерге толып,
Ақындардай еш адам жыламайды.
Ақындар, аңқау емес адуындар.
Тілінің тиегінде шабуыл бар.
Жырының буынында лəззат бар.
Сөзінің шындығында дауылы бар.
Қайтесің, қайран ақын, қапаланып,
Ауырсаң, өлеңмен тек ауырыңдар..!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter