Өлеңдер ✍️

  24.05.2023
  155


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сырыңды айтпа

Сырыңды айтпа, болсын мейлі епті жер,
Аңдаусыз сөз, өзіңе азап шектірер.
Отыз тістің арасында тұрмаса,
Жарты әлемге соққан желде жеткізер.
Десең дағы, — «Біреудің не ісі бар»,
Титтей сөздің тау қопарар күші бар.
Қарға сынды, екі шоқып бір қара,
Ұмытпағын, «үй артында кісі бар».
Алла ғана, сенген жанның қорғаны,
Тіл бағынғыш, үй құсындай тордағы.
Бар-жоғыңды айтамын деп біреуге,
Бармағыңды шайнамасаң болғаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу