Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2023
201
Бір ағаның реніші, һәм сағыныш
Мм… Жігіттер жүйрікті жалды деме,
Шалқайғанның барлығын малды деме.
Бір астаудан ас ішкен бейкүнә шақ,
Тіршіліктің қомында қалды неге,
Сыйластықтың екенін парқы неде,
Жасырып жатырсың ба, Жарты төбе?!
Қиялдап қол жетпесті ғарыштағы,
Арманға асығушы ек, жарысқалы.
Ағалық жасқа жетіп өзгердік пе,
Сол күндер, неге бізден алыстады.
Мен мүмкін қиялдаймын бекер кейде,
Дүние қуа берсең, кесел дей ме?!
Шиырып қой асығын жүруші едік,
Ширығып шыға келдік, есейгенде.
Біз мүмкін қателестік…
Әлде неттік…?!
Есейдік…
Әлде кімге пәрмен еттік.
Бөтелкеге байланып, достарды да,
Бөтенситін…
Қалайша халге жеттік?!
Достықтың ұрынса да арты неге,
Сағынсам құштай ұшып жетем саған,
Атыңнан айналайын, Жарты төбе!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter