Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2023
179
Тылсым сағыныш
Үндемеймін...
Жолдаған ұнауда хатың,
Жоқта шығар, сен жайлы сұрауға хақым.
Сəл ұмтылсам, сезімің құлауға жақын,
Сəл шегінсем, жүрегім жылауға жақын.
Жылап қалсам, салғыртсып «не етер» — демегің!
Жырақтамас...
«Жаныма жетер» — деп едім.
Жібек болып «Гəккуді» жырлай алмадым,
Жағалбайлының жайлауын мекендемедім.
Ұмсынсақта,
Өткенді жөндей алмадық,
Сезім дейсің бе?!
Жүрегім сенбей қалған түк!
Құртқа болып,
Қолтықтап шығарып салып,
Қарлыға боп,
Жараңды емдей алмадық.
Адыра қап,
Өксиді асыл үміт құр.
Жаным, бізге ғасыр-мұң, басын бұрып тұр.
«Жыламаймын» — десем де,
«Тылсым-сағыныш»
Кірпігімнің астына жасырынып тұр!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter