Өлеңдер ✍️

  24.05.2023
  114


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Шолохов немесе қиын халық

Алматы, шулы қала, құйын халық,
Біреудің көңіліне қаяу салса,
Біреулер жатыр батпан сыйыңды алып.
Көлігі көшесінде тығындалып,
Байлары қара жерге «шырт» түкіріп,
Жарлының жарты күні сығымдалып.
Қара қазан секілді алып қала,
Қандырар қамырдай-қып иіңді анық.
Пəнəйі себептермен, жақын күні,
Көшесін Шолоховтың шиырладық.
Өзгенің өгей тілін өзімсінген,
Көрмедім бір қазақтан, тыйылғандық.
Ойлайсың, орекеңнің бір тұсауы.
Емес пе, осы жерде қиылған нық?!
Ширек ғасыр өтсе де, қазекем-ау,
Тастамапсың тіліңнен түйінді алып.
Өзге тілге құрметің жоғалмапты,
Жатса да, көшеңді алып, үйіңді алып.
Шолоховтың көшесі шалқаяды,
Шала тілді қазақты жиып алып.
Жанарыңа жас келер, аты аталмай,
Жатқанда, серім қалып, биім қалып!
Бауырыңа жабысқан көк талақтай,
Ажырамас бұл неткен «қиын халық!»
Сол күні, көңіл неден төмендеді,
Шешіліп ыза-жастың шемендері.
Еңсем түсті,
Сыртымнан мырс-мырс күлді,
Өзгенің көшемді алған, кемеңгері.


Қазақшама орысша шүлдірледі,
Қазақтың қыз бен жігіт-желеңдері.
Бұрылып кете бардық, амалсыздан,
Шолохов...
Көңілім қалды сенен тегі...
Ана тілім, Аллаға аманатсың...
Сені қорғар, сол ғана төбеңдегі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу