Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2023
104
Сезім
Білмеймін, өкініп қалсын дедің бе,
Уыстап «у» бердің жарқыным.
Жүрегі от болып жансын дедің бе,
Онсыз да, сыңарым жалқы-мұң!
Қайдасың оқтаулы Ақ берен,
Бедері асылдан иілген.
Жаңғалақ сезім-ай тас керең,
Байқамас бақытын бүйірден.
«Тырс» еткен дыбысқа елеңдеп,
Үкі-ой мойынын бұрады.
Үмітін үзбеген «келер» деп,
Қайдасың Жібектің шыдамы?!
Келерсің, көңілді жылатпа,
Білмейді, біледі анық кім?!
Ешкімге айтпағың бірақта,
Мен сені шын сүйіп қалыппын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter