Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2023
117
Еркелік
Бүгін тағы көңілім алаңдады,
Мен ғана емес, қызғаншақ ғаламдағы.
Қалқа қызды қаратып жолыңызға,
Қойғаныңыз, ағасы жарамады.
Сезім мұздап өтпесін санама сыз,
Бағаласаң барыммен бағалаңыз.
Жыр жібегін жамылған Күлше қыздан,
Өзге ешкімге бұрылып қарамаңыз.
Жараласаң көнем ғой жаралаңыз,
Мен ауылда, көп шығар қалада қыз.
Ақ боз атың бос келіп, Ақжайыққа,
Ағып кетіп жүрмесін, жағадан қыз!
Ағып кетсем бір іске арандайсыз,
Менсіз мынау болады ғалам жайсыз.
Содан кейін жер шарын жеті айналып,
Күлше қызды, бəрібір таба алмайсыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter