Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2023
84
Біртүрлі жан
Сіз осы қандай жансыз?!
Қыздырып əлде кімді үлгі етесіз,
Көмкеріп көңілімді гүлдетесіз.
Біресе, кіп-кішкентай бала сынды,
Өмірдің сабақтарын үйретесіз.
Біресе, жырларымды ұлықтап ап,
Сезбеген бұрын-соңды күйге өтесіз.
Бір сəтте-ақ жүрегімді сырлы етесіз,
Білмедім, кім ақылды, кім жетесіз?!
Дəл осылай ойнасаң өміріммен,
Ақыры, мені бір күн жынды етесіз.
Күн сыйлап көңілімді күлдіресіз,
Білмейсіз, сезімімді бір білесіз.
Мылтықсыз майдан ашып махаббатқа,
Тыныштығын жанымның бүлдіресіз.
Сонда да елемеймін өзгені көп,
Жүрсем де, осы жанның ермегі боп.
Жылатады содан соң жұбататын,
Өзіңдей «сүйкімді» жан көргенім жоқ..!
Сіз осы қандай жансыз?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter