Өлеңдер ✍️

  22.05.2023
  97


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Іздеу

Заңдылық бəрі ұнату деген,
Тірі боп тұрса ет жүрек.
Тыным бермейтін тентек екен ғой,
Мезгілсіз сəтте тепкілеп.
Жоғалтып алсаң сол бір адамды,
Іздейсің, қайда кетті деп.
Сүю дегенің сағыныш екен,
Сағыну екен бір бірін.
Үмітін үзбеу, шарқ ұрып іздеу,
Əлемнің шарлап кіндігін.
Сүю дегенің қызғаныш екен,
Жүрегің кейде күдікшіл.
Сүю дегенің армандар екен,
«Үт» сəулесіндей үміт бір.
Адасып жүрген ақ махаббатым,
Кеудеме менің күліп кір.
Таба алмай жүрмін адасып қалған,
Аяулы жанды қараңдар.
Мөп-мөлдір менің махаббатымды,
Көрмедіңдер ме адамдар..?!
Көрмедіңдер ме адамдар..?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу