Өлеңдер ✍️

  22.05.2023
  130


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Туған жер

Туған жер айналайын талды мекен,
Қызарып қынаң тасты жарды ма екен?!
Үңгірлі, Қарашеңгел, Мыңшұқырым,
Əуелеп əнім саған барды ма екен?!
Алтынтау, Келіншектау аймағыңда,
Анамнан жалғыз белгі қалды ма екен?!
Сағынып ет-жүрегім езілердей,
Қарайлап қос жанарым талды ма екен?!
Туған жер саған мекен жетпеуші еді,
Ойымнан бір сəтке де кетпеуші еді.
Анам шіркін, су алып бұлағыңнан,
Əкем атын ертемен еріттеуші еді.
Таңның нұрын жамылып, отарды айдап,
Жəйіменен өріске беттеуші еді!
Туған жерім тұғырым түбінде сен,
Түңілдірме қызыңды «гүлім» — десең.
Топырағыңды жамылған əкем-анам,
Басқа мұңым болса егер үгілмес ем.
Құмарымды қандыра алар ма екем,
Жолдарыңда шаң кешіп жүгірмесем!
Айналайын, туған жер талды мекен,
Тұғырлы жер тұма жер, мəңгі мекен.
Сағынышпен қарайлап өткен күнге,
Қос жанарым қалжырап талды ма екен?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу