Өлеңдер ✍️

  21.05.2023
  91


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Зылихаға

(1815)

Төгемін деп толқын жұпар,
Алқына алған демдеріңе,
Азап шегіп, болып іңкәр,
Жүз гүл солды шөлмегінде.
Саусағындай бүгіп тұрған,
Құтыдағы әтір үшін,
Сансыз ғашық болып құрбан.
Сансыз боздақ тартты қысым.
Өмірлері тұрған гүлдеп,
Нелер сабаз толықсып бір,—
Бұлбұл үнін жұтамын деп,
Дәмеленді талықсып құр.
Жоқ, жылама, той жасармыз,
Біз солардың жан-зарынан.
Қырылды ғой жандар сансыз
Ақсақ Темір қанжарынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу