Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2023
84
Қайдан келдім бұл жерге? Ешбірі де жоқ есте
(1818)
Қайдан келдім бұл жерге? Ешбірі де жоқ есте,
Өткен өмір жолдары айналғандай елеске.
Махаббат пен қуаныш жан достарша қауышқан.
Мамыр міне. Бола ма қапта тудым демеске!?
Осы екеуі басына қонған жандар бақытты.
Махаббат пен Қуаныш сездірмейді уақытты.
Бақытты емей немене көкірегіне таққан жан
Көз жасы мен Күлкідей екі түрлі жақұтты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter