Өлеңдер ✍️

  21.05.2023
  76


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Рақат азап

(1814)

Күндейді Жұртқа тіс жарма
Білсін тек дана сырыңды.
Өлімге ғана құштарға
Арнаймын мадақ жырымды.
Ләззатты күңгірт ымыртта
Нәресте бітер кезінде,
Маздаған майшам жым-жыртта
Ұққандай болдым өзім де:
Зұлмат түн құлы емессің!
Арманың шалғай алыста:
Дүниеде мынау көмескі
Асықсың ару ғарышқа.
Бел бекіп. қатар қанатың,
Сапарың сара сарнаған,
Отың да дайын жанатын,
Өлер шақ осы, пәруанам.
Өлімнен өмір басталған:
Ұғынбай соның жетесін,
Дүниеге мынау тас-талқан
Мейман боп, тұнжыр өтесің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу