Өлеңдер ✍️

  21.05.2023
  281


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Қызғалдақ

(1773)

Балбыраған бәйшешегі баулы бақ.
Бұлақ аққан күміс суы сылдырап.
Желпінеді жиегінде ақырын,
Алқызыл гүл, аласа бір қызғалдақ.
Су жағалап биге басып, ойнақ сап
Бір жас сұлу, бақташы қыз. ән шырқап,
Масаттанып күлімдейді гүлдерге,
Деп: «Бәріңнен бағым артық, жаным шат!»
Қозғалады, желпінеді қызғалдақ,
Қыз көркіне балқып қана бұлғаңдап,
Деді: «Аспан сұлу болып шіркін-ай,
Тым болмаса бір минуттап қонса бақ.
Қыз қызығып мені сүйіп иіскер,
Тағар еді ақ төсіне алқалап».
Алайда қыз гүлдің мұңын тыңдамай,
Әндетті де жаншып кетті бұл қалай?
Жоқ, гүл мақтанды: «Үзіл сен де бәрібір,
Жарым басты, арманым жоқ, көңілім жай!»


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу