Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2023
74
Парабаза
(1820)
Тұрғанда бұрқап жыр жаның
Қиялға құл ең өзің де.
Білсем деп өмір сыр-мәнін,
Асықтың білім, сезімге.
Болса да ұқсас затқа зат.
Дариды ол дара кісіге.
Қиын ғой дүние қат-қабат:
Ұлыға ұқсас кіші де.
Алмасар өмір өзгеріп,
Кеше — бар, бүгін бар тағы.
Дүниеге мен де тез көніп,
Құмарым күнде артады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter