Өлеңдер ✍️

  21.05.2023
  80


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Түнек кетіп, жалғасты

(1827)

Түнек кетіп, жалғасты
Алшақ белдер жақындап.
Жанды көкте, алғашқы
Алтын жұлдыз жарқырап.
Тайды бәрі, жоғалды,
Қатпар тұман ыдырап.
Түнектің түсі сұрланды,
Ұйқылы көл жылтырап.
Аясынан шығыстың
Туар ай, міне, толғанды.
Шыбығымен шіліктің,
Ойнап толқын ырғалды.
Сәулесі жарып бұлдырды,
Ай толықсып тұр көкте.
Самал сипап жүзіңді,
Енеді біздің жүрекке.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу