Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.05.2023
1060
Сүйгенді сүй
Сүйген жүрек, қарамас ештеңеге,
Ешбір мін де білінбес шын сүйгенде.
Керек емес, есеппен сүю мүлдем,
Сүю керек адамды шын жүрекпен.
Сүйгенді сүй, беріліп жан тәніңмен,
Ар, ұятта балама біле білсең.
Құшу, сүю, өз-өзіңді ұсыну,
Шын сезімнің айнасы.
Сүйген жүрек басқа жанды қаламайды,
Шын махаббат сүйген жанды аңсайды.
Сүйгенді құш, беріліп тар төсекте,
Ләззат оты шарпыған сәттерінде.
Естен танып, еліртіп,
Күй кешерсін.
Ыстық демін тарылып.
Күш қуаттан арылып.
Сүйгенді сүй, беріліп.
Айтбек Әліпов, Астана қ. 18.05.23
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter