Әңгімелер ✍️
Қос тағдыр - 8 бөлім
Бір топ нөкерін ертіп, алдынан Анель шыға келді.
⠀
- Қыздар қалайсыңдар? Кешегі түндерің қалай, көңілді өтті ме?
⠀
- Не деп тұрсың?
⠀
- Қойшы, білмегендей болмаңдаршы. Сендердің қызқұмар жігіттердің қойнында кеткендеріңді бәрі көрді.
⠀
- Не дейсің?
⠀
- Анель айттым ғой саған. Ауылдан келген мұндай салдақылар басқа осылай ақша табады.
⠀
- Ия, Анель біз саған олар мен достаспа, деп ескерттік емес пе?
⠀
- Қыздар онсызда ашудан жарылардай болып тұрмыз. Білмей жатып жала жабуды доғарыңдар.
⠀
-Неге ашуланасың? Әлде жігіттер аз төледі ме?
⠀
- Доғарыңдар деймін.
⠀
- Доғармасақ қайтесің?
⠀
- Мен саған көрсетемін...
⠀
Қыздар шаш жұлыса төбелесе кетті. Жылап жылап тауысылған, алғаш рет ішімдік ішкен қос құрбы әлсізденіп, тобырдың астында аяққа тапталды. Анельдің діттегені де осы болатын. Онсызда ашулы қыздардың ызасына тиіп, алғашқы болып төбелесті бастауын күткен еді. Көздегеніне жетіп, жөніне кете барды. Әбден күйзеліске түскен қыздардың сабақ үлгерімдері нашарлап, гранттан құлап, ақылы бөлімге ауыстырылды. Алайда оларда оқу ақысын төлейтін ақша қайдан болсын? Әке - шешене айта алмасы белгілі. Қалай ақталады? Не деп түсінтіреді? Жұмыс істеп ақысын төлеуге тырысқан мен, шамалары жетпеді. Оқудан бір жола шығарылып, жатақханадан қуылып далада қалды. Түн ортасы, аштан аш жаурап жасынап отырған қыздарға қорған болар жан табылғаны оларды қуантып өмірге қайтарғандай болды.
⠀
- Әй, қыздар. Мына отырыстарың не? Үйлеріңе қайтыңдар. Түн ортасында көшеде жүру қауіпті.
⠀
-Үйіміз болса барар едік әпке.
⠀
- Ойбу, үйлерің жоқ па? Бұл жақта тұрмайсыңдар ма?
⠀
Өмірден опық жесе де, ауыздары күймеген қос құрбы, бейтаныс әйелге өз өмірлерін жіпке тізгендей баяндап берді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter