Әңгімелер ✍️
Қос тағдыр - 7 бөлім
Өмір жолында қиындықпен қоса "адам" деп айтуға ауыз бармайтын адамдарды да болатынының тағы бір дәлелі. Шариғаттағы өзіңе қол жұмсаудың үкімі ауыр екенін жақсы білетін қос құрбы бұл жолды таңдай алмады. Қыз баласы үшін ең асыл да қымбат пәктігін кірлету өте ауыр да қиын екенін бүкіл әйелдер жақсы білетіні мәлім. Олардың жан күйзелісін сөз бен жеткізу мүмкін емес тіпті. Әділетсіз қоғам: «Не тәйірі, жігіт жаза басқан екен, кейін түзеліп кетеді» деп, сабазыңды кешіре салары сөзсіз. Ал қыз баласын ешқашан кешірмейді, өмір бойына осы бір күнәһарлықтың ми батпағынан шыға қоюы екіталай емес пе? Иә, олардың бұл сәті тозақтық азап іспеттес болды. Ағыл-тегіл жылап күш-қайраттарынан айырылған қос құрбы сүйретіле жатақханаға әрең жетті. Айдананың азғындығынан бейхабар қыздар, періште кейіпіндегі жалған достың етегіне құлай жылап жіберді.
⠀
- Әй, сендерге не болған? Мына түрлерің не?
⠀
-Құрбым бізді... Айтуға ауызым бармай тұр.
⠀
Аңғал, ақкөңіл қыздар бар болған жағдайды көздерінен жастарын сыға отырып, қорс етіп мұрындарын тартып баяндап берді.
⠀
- Жандарым ау, нелерің бар еді, ішімдік ішіп? Көрпелеріңе қарай көселсеңдер болмайды ма?
⠀
- Ол ішімдікке бола бұлай естен тана құлауымыз мүмкін емес болар? (Айдананың көздері шарасынан шығып кете жаздады.)
⠀
- Онда неге түк сезбедіңдер?
⠀
- Соны өзіміз де түсіне алар емеспіз.
⠀
Қос құрбының түрлері адам шошырлық. Екі көздері домбығып, көп жылағаннан өңдері қуарып, тірі өліктей отыр. ... Домбығып ісіп кеткен екі көздерін жұмып, бір сәт әзер ұйықтады. Бойындағы бар күш-қайраттарын жинап, сүйемдеп болса да сүйретіліп , оқу ғимаратына қарай жол тартты. Әншейінде оларды көрген бойда қолдарын сермеп езу тартып алыстан сәлемін жолдайтын құрбы, достары олардан теріс айналды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter