18.05.2023
  367


Автор: Әсерлі әңгімелер

Қос тағдыр - 6 бөлім

Абай атамыз: «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.* - деп Айдана секілділерге дәл арнап айтқандай. Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында,
Сатқындық та бұғып жүрмек қасында демекші Айдана қос құрбысын аз ғана ақша үшін сатып кетті. Клубқа барар алдында олардың суына ұйықтататын дәрі қосып берді. Жол бойы қос құрбыны ұйқы қысып, бастарын әрең көтере клубқа жетіп барды.

- Гүлдана менің қатты ұйқым келіп тұр. Мүмкін кері қайтармыз?

- Меніңде ұйқым келіп тұрғаны. Бірақ келіп тұра, кері қайтқанымыз жарамас. Анель ренжіп жүрер. Бір кіріп шығайық.

- Ия, ренжіп қалар. Онда аз ғана уақытқа кірейікте шығайық.

Екеуін Анель бір топ өзі секілді Қара басының қамын ойлайтын, өзімшіл, зұлымдық, қиянатпен болса да, мал, мансап, мақтан табуға құмар , өз керегінің түбіне ешқашан жете алмайтын, барды бағалаудан жұрдай , "ақшаға өмірдегі бәрін сатып алуға болады"- деп , ойлайтын өзімшіл жігіт, қыздар мен таныстырды.

- Қыздар алкогольді ішімдік ішесіңдер ме?

- Жоқ, біз ондайды ауызымызға да алмаймыз.

- Әй Бағлан ауылдың қыздары ішушіме еді? Сен де қызық сұрақ қойдың ғой.

Ұйқылы ояу, ішпесе де мас адамның күйін кешіп тұрған қос құрбы намысқа тырысып, алкогольді ішімдікті ішіп жіберді. Одан әрі не болғаны естерінде мүлдем жоқ. Таңертең екеуі де бүкіл денесі қақсап, бөгде үйде оянғанда екеуі де есеңгіреп қалды. Жатын бөлме, екі адамдық төсек. Төсек жанындағы үстел үстінде аздаған ақша және" керемет кеш үшін рақмет "- деп жазылған бір жапырақ қағаз ғана. Екеуіде естерінен адасты. Тоқтамай бір сағат су мен қоса көз жастарына шомылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу