Әңгімелер ✍️
Қос тағдыр - 5 бөлім
Жолдан тайғыш, әзәзілге бой алдырғыш Анельдің ендігі бар көздегені арамзалық пен алаяқтыққа жүгініп, олардың абыройына нұқсан келтіру болатын.
Жүректі жібітіп, көңілді иітер жылы сөздің адам атаулының Һаммасына ұнайтыны әлімсақтан белгілі. Жылы жылы сөйлей олардың іші-бауырына кіріп, періште құрбының кейіпіне енді. Аңғал, ақкөңіл басқалармен қарым-қатынас кезінде ізгі ниеттілік, шынайы тілектестік, ілтипаттылық пен жайдары қабақ, жарқын жүзділік танытатын, сұратпай-ақ, басқаға көмектесуге әзір тұратын, басқаны көңілдендіруге, шаттандыруға, қиындықтан құтқаруға құмар ақжүрек қос құрбы Анельді шынайы құрбы ретінде қабылдады. Алайда періште кейіпіндегі құрбының ішкі әлемінде шайтанның жасырынып жатқанын олар білген жоқ.
⠀
- Ұлжалғас, ана Анельдің бізге жылы қабақ танытқанына қуанып тұрмын. Оның бізбен құрбы болатыны жеті ұйықтасам да түсіме кірген емес.
⠀
-Ия, рас айтасың. Менде қуанып тұрмын.
⠀
- Әлгі ертеңгі шақырған қымбат клубқа барамыз ба?
⠀
- Өзі шақырып, ақысын төлеп тұрса, неге бармасқа? Барайық.
⠀
- Дұрыс айтасың, барсақ барайық.
⠀
Қос құрбы ертеңгі күнді асыға күтіп, тәтті қиялға батып ұйқыға кетті. Себебі Анель оларды өңкей бай қуатты адамдар баратын қымбат клубқа шақырған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter