Өлеңдер ✍️

  15.05.2023
  107


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

О, сендегі жоғарғы билік неге керек..

О, сендегі жоғарғы билік неге керек
Қаншама махаббаттың бақытына сенбегенмен,
Жарқырап та ол біздерге көрінбегенмен,
Болашақты болжап білу тек бізге жазған!
О, тағдыр, қатал сыйың не үшін керек
Біріне бірі жетем деумен,
Абайсызда қат-қабатты жарып өтіп,
Жүректің терең сырын ашып берген.
Қаншама олар, қараңғылықта адасқандар,
Үмітінен айырылып, мақсатына жете алмаған,
Тағдырына қаншама пал ашқанменен,
Жүрегінің жұмбақ сырын біле алмаған,
Алыстан нұр сәуле келіп жарып өтіп,
Қуаныштың бақ жарығы терезеге түсіп тұрған.
Дегенмен де біздерге қуанарлықтай айтар сөз жоқ
Біргелескен бақытты сыйға бермеген,
Ия, бермеген себебі,
Көріп қорқынышты түстерді,
Өзін де бақытты жан екенмін деп,
Қиялға кеткен.
Ғашық болып өзге жанды армандаумен
Бірін бірі түсінбеген.
Кім сенімді болса көрген түстеріне ұшып қонған,
Сол бақытты жан,
Кім болжай алмаса болашағын,
Сол бақытты, –
Өткеніне, ертеңіне, бүгінгі өміріне
Қанағат жасап шүкір десе.
Тағдыр біздің маңдайымызға не жазған?
Қалайша, айтқын, сен менімен байланыстың?
Ах, қашан еді – көп уақыттар өті ғой! –
Сен маған бауыр ма, әлде әйелім бе едің,
Жүрегімнің сырларын бәрін білдің,
Әрбір қулығын да сұмдығын да,
Дүниеде көрінбестен болып жатқан
Небір тірліктерді, бәрін де,
Менің ойымдағыны да сезіп жүрдің.
Дауылдарға қарсы тұрып маған сабыр бол деп,
Қасиетті қолдарыңмен жанап кетіп,
От-шоқ жанған қанымды сен салқындаттың.
Сиқырлы-тәтті бұғауында, керемет айтылған
Өлең-жырдай, желдей есіп, шіркін, күндер өтті-кетті.
Жаныма шипа берер дауалы сусыннан ішіп,
Көздерге көздер түсіп бір-біріне қарасып,
Елжіреп менің көңілім, ес-түсімнен адасып,
Жүрек пен жүрек бірге соғып жарасып,
Сенің сүйкімді аяғыңды құшып ессіз жату,
О, қандай рахат сол бір сәт!
Бұл күнде бәрі де көрген түстей
Жүрек түбінде құпия болып сақталар,
Өткен ғұмыр – нағыз тыныс,
Бүгінде олар – тек қана қайғы-мұң.
Жарқын, жарық күндерді еске алып,
Сол бір жарты ғұмырымызбен
Бірге жасаймыз бүгінде біз.
Қаншама өшіккенмен де
Сұм тағдыр, енді бізді өзгерте алмас,
Сондықтан да біздер бақыттымыз.

1779




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу