Өлеңдер ✍️

  15.05.2023
  147


Серікбол Аманжол

Ставка-казино


  1.  Харам ойын бастадың жарнамада
  2.  Көргенде қызығардай ақшалардан
  3.  Кіріп кеттің өзің шешпей басқалардан
  4.  Ой болды көремін деп ұтыстардан
  5.  Әй досым тыңда мені айтамын ақиқатты
  6.  Бұл ставка жақсылық әкелмес шын
  7.  Бір күн ұтыс, екінші күн ұтыларсың
  8.  Сонда қарыз сұрайсың ,тұтыларсың
  9.  Жеңіл ақша саған енді пұл болмайды
  10. Ойынның азартынан ешкім шықпас
  11. Кірсе егер шығуы оның қиын болар
  12. Казиноның бастары жастар боп тұр
  13. Қатер төніп тұрғаны анық енді
  14. Талай өмір кетті ғой құрдымдарға
  15. Айрандай ұйып отқан отбасылар
  16. Кетті ғой ажырасып екі жаққа
  17. Бұл үкімет қайда қарап отыр екен,
  18. Жаптырмас болмас енді , букмекерді казиноны!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу