13.05.2023
  874


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әкесінің жаназасында үйленген жігіт - 1 бөлім

Әдетте қарбалас тірліктен қолы босамайтын ата-анасы  жанында қалып, бар назар өзіне ауғанда бала көңіл шаттанады ғой, шіркін?! Көптен бері Әсем мен Мадияр өз ұлы Мақсатқа көңіл бөлмей кетіп еді.Ертелі кеш жұмыс  басты бұл жас жұп күн қараңғыда үйіне оралады. Ұлын бес жасында сүндетке жатқызып, бүкіл ағайын, туған-туыстың басын қосып құдайы тамақ берді. Жұмыс басты болғандықтан көбіне жиын-тойдан қалып қоятын Әсемге, есеппен сыйласатын мына заманда еш бір абысыны қол ұшын созбады.Күн ыстық, шыжып тұрған кез. Ертеңіне, тал-түске ысттыққа қалмайын деп бүкіл ыдыс-аяқты далада асыға жуып жатты. Мақсат анасының аяғының астына оралып болар емес.« Ары ойна, ыдыстарды сындырасың»- деген анасының сөзіне құлақ асар бала жоқ. Жердің бәрі шылқа-шылқа су болған соң аяғы тайып алма салатын шиша ыдыстың қырына дәл аузымен құлады. Шырылдап жылап аузының бәрі қан жоса болды.Шиша сынып үстіңгі ернін мұрнына дейін екіге айырып жіберген еді. Ол аздай майда сынықтар тісінің араларына кіріп кетті, бірнеше тісі сынып қалды. Әсемнің зәресі зәр түбіне кетіп баласымен қосыла жылап жүр. Қолы дірілдеп әрең дегенде жедел-жәрдем шақырды.Ауруханаға апарып шиша қалдықтарын алып, ота жасап ернін тігіп берді. Баланың құлағанының жақсылығы сол, отбасында жылулық, бала жүзінде риясыз қуаныш пайда болды. Әйтпесе соңғы кезде балаға уақытылы көңіл бөлмеудің өзі жас-жұптың осал тұсы болып көрінетін… Алайда ерніндегі тігістің жазылуы қиынға соқты. Қайта-қайта қанап, су тиіп іріңдей бастады. Баланың жылауы көбейіп, ызбайланып тым ынжық болып кетті.
Мадияр мен Әсем бұрындары балаларының бұлай бал-бұл сөйлегеніне мәз болса, кейде мезі болып, ұрсып жататын. Көп сөйлемеуді бұйыратын. Енді міне оның сыңғырлаған үнін еститін емес. Ыңырсып, кейде саусақтарымен нұсқап көрсетіп қалауын сөзбен жеткізуді тоқтатты.« Ерніндегі жара ауыратын болғандықтан сөйлегісі келмей жүрген болар»-деп әке-шешесі қатты назар аудара қойған жоқ.
Әсем мұғалімдік қызметінен уақытша демалыс алып баласына өзі қарап жүр.. Баласының жылауы күн сайын үдей түсуде. Алғашында жаны ашып ұлын ұрыспай мәпелеп жүрген ана байғұстың төзімі таусылуға шақ қалды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу