Әңгімелер ✍️
Әкесінің жаназасында үйленген жігіт - 2 бөлім
Мақсат көбінесе бала-бақшада болып әке-шешесін мазаламайтын. Сенбі күндері Әсем өзінің анасына апарып тастаушы еді. Енді міне өз баласын өзі жақтыра алмай әрең шыдап жүр. Анасына қоңырау шалып, жиен немересін тым еркелетіп жібергенін айтпақ болды.
- Алоо, мама қалыңыз қалай?
- Жақсы шүкір. Қызым өздерің қалайсыңдар? Мақсат тәуір болайын деді ма?
- Жоқ, қайдағы. Керісінше еркелеп, ынжықтанып жүр. Әбден еркелетіп жіберген сияқтысыз.
- Ерке болсын, бұзық болсын мейлі, ең бастысы аман болса болғаны. Қандай бәледен аман қалды емес пе?
Телефонды берші сөйлесейін.
Мақсат әжесіне бірдеңелерді айтқысы келгенмен сөйлей алмай, ыңылдап-ыңылдап қойды. Ақыр соңы ызасы келген балақай бар дауысымен жылап жіберді. Оған не болғанын анасы еш түсіне алар емес.
Біршама уақыттан соң Әсемнің анасы қайта хабарласты.
- Қызым, мен алаңдай бастадым. Мақсат сөйлегісі келіп бірдеңелерді айтты. Бірақ сөздері түсініксіз. Ол бұлай еркелеген емес. Өзімен-өзі ойнап жүретін бала еді. Сөздері нық, анық болатын. Қызым бұл еркелік емес. Өткен жолы құлағанда зақым келген жоқ па?
- Менде соны уайымдап жүрмін. Жаныма маза берер емес.
- Оны тезірек дәрігерге көрсет.
- Иә, Мадиярда солай айтып жатыр. Ертең тексертуге алып барамын.
Мадияр жұмыста болғандықтан Әсем баласын жетектеп ауруханаға барды. Расыменде баланың сөйлеуіне байланысты ақау бары расталды. Оған қоса үстінгі ерінде екі жаққа бөлініп, ортасы арық секілді болып қалғандықтан сөздері дұрыс шықпайтынын айтты. Міне сол күннен бастап Әсем өз-өзін жеп қоя жаздап жүр. Ана байғұс баласының бұл көрген азабына өзін кінәлі сезініп жастан көзі құрғайтын емес. Күн сайын ұйқыдағы ұлынан кешірім сұрап, көзіне жас алып қалады.«Қайтсемде емдетем деп.
Бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Емші, дәрігер бәріне апарды. Бәрінің айтатыны бір.«Баланың ерніне қайта ота жасау керек». Алайда Әсем өз еліміздің дәрігерлеріне сенімсіздік танытып бұл қадамға баруға қорқып жүрді. Мадияр екеуі ойлана келе Ташкент қаласына барып Мақсатқа ота жасатпақ болды. Мадияр әйелі мен жарын жалғыз жібергісі келмей өзі де бірге бармақ болған.
- Жаным, сенде жұмыстан қалсаң қалай күн көреміз?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter