Өлеңдер ✍️
Құл қызметші мен диірменші қыз
Құл қызметші:
Қайда? Тоқтағын!
Маған тіл қатшы!
Аты жөнің, есімің кім?
Диірменшінің қызы:
Лиза.
Құл қызметші:
Қайда барасың? Тоқташы!
Тырманы ұстап жүгірмес болар!
Диірменшінің қызы:
Біздің шалғын жеріміз алыс емес –
Әне, ана үймешектің артында.
Құл қызметші:
Бір өзің қорықпайсың ба?
Диірменшінің қызы:
Шалғын жер алыс емес!
Маған асығу қажет.
Бау-бақшада алмұрт пісіп тұр,
Сол жидектерді теруге барамын –
Болмаса құстар түртіп тесіп тастар.
Құл қызметші:
Бау-бақшалар арасында көлеңке болар жай жоқ па екен?
Диірменшінің қызы:
Бір ғана емес, екеу,
Әне, қорғанның жанында.
Құл қызметші:
Қандай керемет болар еді,
Сонда барып Лиза екеуміз
Бір рахат тауып, демалсақ қой, шіркін!
Саған алмұрт та теріп, бірге жинасар ем...
Диірменшінің қызы:
Өз қолыңмен бе?
Құл қызметші:
Және де сені құшағыма,
Ұзақ ыстық қысып құшар едім...
Диірменшінің қызы:
Алла жар болсын!
Диірменшінің қызымен бірге болуды армандап –
Өзіңді кімге санадың!
Сенің киген қоңыр қара шапаныңды,
Ұн жағылған көйлегіммен былғаймын ғой.
Менің жанымда оны тазалар еш нәрсем де жоқ!
Тағдырдың жазғаны осы болар –
Құл пендемен достастым,
Қолы жетпестей періштедей,
Осы мен өзімді кімге санаймын:
Ұн ұнға жұқпаған еш,
Ұн мен ұн дос болған о бастан ертелі-кеш.
1797
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter